«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа моделдерін енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 586 бұйрығына 8-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 163 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2012 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 586 бұйрығына 8-қосымша

 

 

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа моделдерін енгізу»
мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Бақылау-касса машиналарының (БКМ) мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа моделдерін енгізу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы салық қызметі органдарының мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекітілген «Бақылау-касса машиналарының (БКМ) мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа моделдерін енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.

2. Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) алушы - жеке немесе заңды тұлға;

2) ӘМ - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

3) БКМ - тауарларды жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулары туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін фискалды модульдер, фискалды жады блогы бар электронды құрылғылар және (немесе) компьютерлік жүйелер;

4) БКМ мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;

5) ҚМ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар;

7) фискалдық жады - ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.