Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 131 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 173, 174-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығындарын төлеу қағидалары;
2) қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде тиісті жұмысты орындайтын аудармашылардың, мамандардың, сарапшылардың сыйақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 14 ақпандағы
№ 131 қаулысымен
бекітілген
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығындарын төлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығындарын төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 174-бабының 4-бөлігіне сәйкес әзірленді және қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде келтірілген адамдардың шыққан шығындарын төлеу, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде тиісті жұмысты орындайтын адамдарға сыйақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердің, олардың заңды өкілдерінің, куәнің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердің мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебінен өтелуге жатады:
1) қылмыстық процесті жүргізуші органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.