Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығыстарын өтеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1070 Қаулысы
2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 174 және 176-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығыстарын төлеу қағидалары;
2) қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде тиісті жұмысты орындайтын аудармашылардың, мамандардың, сарапшылардың сыйақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. «Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шыққан шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 131 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 277-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.