«Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығы (күші жойылды)

«Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесінде 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Р.Б. Бекетаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2013 жылғы 11 ақпандағы № 70

бұйрығына қосымша

 

Кассалық операциялар жүргізу,

мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы

және ағымдағы шотындағы қолма-қол

ақша қалдығының лимитін анықтау

ережесіне

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.