«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 154 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.