Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 Қаулысы
(2013.05.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 213 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 178 бұйрығын қараңыз
«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 2-1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 20 ақпандағы
№ 159 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрі - Заң) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2013.05.07. № 694 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу - мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды қалыптастыру және қарау үдерісі;