«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 49 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес Ел бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында: