Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
Д. Құсдәулетов |
Әділет министрінің м.а.
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1) «Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1813 болып тіркелген);
2) «Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3432 болып тіркелген);