«2013 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 1/58 Қаулысы (күші жойылды)

2013 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 1/58 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1/41 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.

2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

1) 2013 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;

2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізілсін.

5. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулыны Басқарманың интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.