«2014 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1/41 Қаулысы (күші жойылды)

2014 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 1/41 Қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1/23 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.

2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4. Басқармаға:

1. 2014 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;

2. қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізілсін.

5. Басқармаға осы қаулыны Басқарманың интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.