«Микроқаржы ұйымдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 233-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Микроқаржы ұйымдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 233-ө өкімімен
бекітілген
«Микроқаржы ұйымдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі