Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1033 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
№ 1033 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру ережесі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңы 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін (бұдан әрі - ескерткіштер) пайдалануға беру тәртібін белгілейді.
2. Ескерткіштерді пайдалануға беру тәртібі
2. Мемлекеттің меншігі болып табылатын ескерткіштер тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) шешімі бойынша жеке және заңды тұлғаларға (өтініш берушілер) ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беріледі.
3. Мемлекет меншігі болып табылмайтын ескерткіштер жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға беріледі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.