Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 21 қаңтардағы № 327 Жарлығы
(2012.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 22 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелері бекітілсін.
2. «Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің тәртібі мен шарттары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 3088 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 30, 268-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Президентінің
2000 жылғы 21 қаңтардағы
№ 327 Жарлығымен
бекітілген
ҚР Президентінің 2007.27.11. № 446 Жарлығымен «Мемлекеттік органның басшысы», «мемлекеттік органның басшысы», «мемлекеттік орган басшысының», «мемлекеттік орган басшысы», «мемлекеттік орган басшысына», «Мемлекеттік орган басшысының» деген сөздер «Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға», «осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға», «осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның», «осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлға», «осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаға», «Осы Ережелердің 5-2-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғаның» мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан
өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.