«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 528 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін
 кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

3. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссия құрамы;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы наурыздың 22-і.

 

№ 528

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 22 наурыздағы

№ 528 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.