Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 93-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының аумақтарында азаматтық әуе кемелерiмен болған авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларға қызметтiк тексеру жүргiзудің тәртіптері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 755 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғаларға қызметтік тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 57 қбп қаулысы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 828 қаулысымен бекітілген
Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру
қағидасы
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.