Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 239 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 413 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жеке сот орындаушыларының қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.