«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

10-бап. Орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

Орталық мемлекеттік органдар:

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

7) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда

8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру бойынша шаралар қолданады;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 9-2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-2) цифрландыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нəтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық жəне проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз етеді;

10) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру процесін бағалауды жүргізу жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа ауыстыру жөнінде ұсынымдар əзірлеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін цифрландыру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты цифрландыру саласындағы уəкілетті органға беруді қамтамасыз етеді;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйелерге қолжетімділік береді;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда

13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 13-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-1) өзінің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін реттейтін заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіреді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

13-2) мемлекеттік реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын салаларда əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетудің үлгілік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді

15) көрсетілетін қызметті берушілердің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

15-1) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті, композиттік жəне эксаумақтық түрлеріне көшіру бойынша шаралар қабылдайды;

16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нəтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) цифрландыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйелерге қолжетімділік береді;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына береді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) көрсетілетін қызметті берушілердің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тарау 11-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету бойынша қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы провайдер болып табылады.

2. Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғам нысанында құрылады, ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияның өз филиалдары болады.

3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.

4. Мемлекеттік корпорация:

1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы хабардар етеді;

3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексеруге жатады;

4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша, оның ішінде электрондық нысанда және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ жеделдетілген тəртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетеді және (немесе) көрсетуді ұйымдастырады;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын немесе Мемлекеттік корпорация ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды

6-3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректер базасын жүргізуді жүзеге асырады;

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 6-4) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6-4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жолданымдарын қабылдауды және өтініш берушілердің сұрау салуы бойынша оларға жауаптардың берілуін ұйымдастырады;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

11-2-бап. Әріптестік ұйым

1. Мынадай:

1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға, оның ішінде киберқауіпсіздікті және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін;

3) әріптестік келісім жасасқан кәсіпкерлік субъектісі осы Заңға сәйкес әріптестік ұйым бола алады.

2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері іріктеуге жіберіледі.

3. Үлгілік әріптестік келісімді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 11-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)  

11-3-бап. Бірыңғай байланыс орталығы

Бірыңғай байланыс орталығы:

1) жеке жəне заңды тұлғаларды мемлекеттік жəне өзге де қызметтер көрсету мəселелері бойынша тəулік бойы консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

2) жеке жəне заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды «цифрлық үкімет» мəселелері бойынша тəулік бойы консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисін алушыда туындаған мəселелер бойынша түсініктемелер беру үшін сұрау салулар жібереді;

4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жеке жəне заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері бойынша ақпаратты жүйелі негізде жібереді.

 

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТІЗІЛІМІ, ОЛАРДЫ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙТЫН ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ

 

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізілуге жатады.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай белгілермен сипатталады:

1) жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі болып табылады;

2) жеке немесе заңды тұлғаға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш бойынша немесе өтінішсіз жеке тəртіппен беріледі;

3) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен жəне (немесе) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушімен өзара іс-қимыл жасауы арқылы жүзеге асырылады;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы жүгіну (талап ету) құқығын іске асыруды болжайды;

5) нəтиже беруге бағытталған.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалары əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерге қолданылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

3. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге және бекітуге қойылатын жалпы талаптар

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сəйкес əзірленеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, цифрландыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.