19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартуы
1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
2. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.
4. Осы баптың 2-тармағының қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.
5. Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартудың өзге де негіздері белгіленуі мүмкін.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы көрсетілетін қызметті алушыда болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
3. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
5. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алуға міндетті.
21-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы және «электрондық үкіметтің» шлюзінде, «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.
2. Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәлімет беру электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері электрондық құжат нысанында «электрондық үкімет» веб-парталындағы пайдаланушының кабинетіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қысқа мәтіндік хабар түрінде оның абоненттік нөміріне жіберіледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-2. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасымен реттеледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-3. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушы оларды қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігінсіз, заңдық мәні бар фактілерді растау үшін пайдаланады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын биометриялық сәйкестендіру жүргізілуі де мүмкін.
4. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік органдар тұрақты түрде өздерінің ақпараттық жүйелеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарын жаңартылған күйде ұстап тұруға міндетті.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету
Проактивті қызметтер көрсету «электрондық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеген кезде және көрсетілетін қызметті алушының дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы алынған дербес деректерді жинау мен өңдеуге келісімі болған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 21-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
21-2-бап. Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы
Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабархат (хабарлама), осындай шараны есепке алу жəне (немесе) алу мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен ақпараттандыру объектісі болып табылатын «əлеуметтік əмиян» арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алынуы мүмкін.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда
22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі
Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін орталық мемлекеттік органдар, мемлекеттік корпорация, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші - мүдделі орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларын іске асыру бірлескен шешім негізінде жүзеге асырылады.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру;
2) жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасауы;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидалары жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидалары бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, көрсетілетін қызметті берушілер және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде оларға қажетті түсініктемелермен бірге мемлекеттік қызметтер жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты дереу беруге міндетті.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның Бірыңғай байланыс орталығына және (немесе) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезінде ұсынылады.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жыл сайын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларын жетілдіру үшін пайдаланылады.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Әріптестік ұйым мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы ақпарат, сондай-ақ әріптестік ұйымдардың атауы мен байланыс деректері Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру орындарында орналастырылады.
24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис үшін ақы белгілей алады.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 25-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;
2) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;
3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және оған қоғамдық мониторинг жүргізу
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу қағидаттары
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді:
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын тексеру жəне байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушілер мен Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне жатады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау:
1) жергілікті жерге бару арқылы не лауазымды адамдарды шақырып жəне (немесе) материалдарды сұрата отырып, жергілікті жерге бармай тексеру;
2) ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес есептік ақпарат пен өзге де мəліметтер негізінде байқау жолымен жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылады.
5. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның лауазымды адамдары, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық бөлімшелерінің, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның жəне оның филиалдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке жəне заңды тұлғалардың қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары, ал қажет болған жағдайларда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның лауазымды адамдары жүргізеді.