«Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 368 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.