«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 137 бұйрығы
(2016.18.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 98 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабы 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салық есебін ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.