(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.29.12 № 1778 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1778 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған

жоспары

 

Р/с №

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

Әділетмині

Үкімет

Парламент

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген қаржы лизингін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭДСМ

Қаңтар

Қаңтар

Наурыз

А.М. Ескендіров

2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БП (келісім бойынша)

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

И.Д. Меркель

3

«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы

ИЖТМ

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Қ.А. Төлеушин

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.