«Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 355 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 23 сәуірдегі № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 14, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.