Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы
ҚР Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының орта мерзімді кезеңдегі дамуын қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.