Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 394 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 194 бұйрығын қараңыз
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.