Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1167 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) еңбек кітапшасының нысаны;
2) Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.