Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 Қаулысы
(2014.03.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 5 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бесінші - он үшінші абзацтарын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.