«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ведомстволары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауапты хатшысының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 107 бұйрығы
«Мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына, 5-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi туралы ереженің 17-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ведомстволары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауапты хатшысының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 97 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) осы бұйрықты іске асыру бойынша тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.