«Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 471 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген № 03 нысан осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.