«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 562 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына (Казақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат; № 51, 673-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылган күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 6-ы.

 

№ 562

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 6 мамырдағы

№ 562 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2004 жылғы 28 тамыздағы

№ 1428 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрі - Республикалық ұлан) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2. Республикалық ұлан өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.