Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 466 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 Қаулысымен күші жойылды
«Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;
2) Қатысушы банк пен салымшының арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.