«Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы
 дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы

 

 Осы Жарлықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 Қаулысын қараңыз

 

Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) құратын болсын;

2) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың негізгі қызметі өзіне меншік құқығымен тиесілі және ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруға берілген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг деп айқындасын;

3) мыналарды:

акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін, оның ішінде осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдарды қамтитын, акционерлік қоғамдар тізбесін бекітуді;

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне осы Жарлыққа 2-қосымшада көрсетілген республикалық мүлікті айырбастау шарты бойынша беруді;

2014 жылғы 1 қаңтарға дейін экономиканы дамытуға және әртараптандыруға жәрдемдесу, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту мақсатында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қызметінің заңнамалық негізін әзірлеуді қамтамасыз етсін;

4) осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 22-і.

 

№ 571

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы

№ 571 Жарлығына

1-қосымша

 


Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың
ТІЗБЕСІ

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы

№ 571 Жарлығына

2-қосымша



 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік коғамының меншігіне берілетін республикалық мүлік