Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 мамырдағы
№ 487 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 156-құжат):
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесінде:
16-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтамаларды берген кезде БСН беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:»;
21), 22) және 35) тармақшалар алынып тасталсын;
27), 28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
27) құрылтайшы-жеке тұлғалар (бастамашы азаматтар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН, қатысу үлесі;
28) құрылтайшы-заңды тұлғалар туралы мәліметтер: тіркелген жері, БСН, қатысу үлесі;
29) бірінші басшы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН;»;
33), 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«33) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алымның (сомасы айлық есептік көрсеткіштерде және теңгеде) төленгені туралы мәліметтер, төлем құжатының деректемелері, төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның атауы) және ЖСН»;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.