Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына, «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» call-орталығында 1414 орналастырылған.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасы немесе қағаз түрінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
5) ХҚО аудандық бөліміне өтініш берген кезде куәлік 10 жұмыс күн мерзімінде беріледі (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
6) ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде куәлік 10 жұмыс күн мерзімінде беріледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
7) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 20 минуттан аспайды;
8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін кезекте тұрудың ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 20 минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты орны бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызметті алу (тіркеу және қайта тіркеу) үшін құжаттардың тізбесі:
1) жеке тұлға үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандар бойынша жеке тұлғаның қолымен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалға, лизингке берілген тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркінің тізбесі;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе жеке тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі немесе мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенімгерлік басқару шарты;
жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық куәлігінің (формуляр) көшірмесі;
Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамы үшін төлеген кедендік баж туралы түбіртектің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады.
2) заңды тұлға үшін:
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға немесе лизингке берілген тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын мүкәммал паркінің тізбесі;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі;
меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі немесе мүлікті жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенімгерлік басқару шарты;
жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық куәлігінің (формуляр) көшірмесі;
басшының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Жарғының көшірмесі;
құрылтай шартының көшірмесі:
Қазақстан Республикасы Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген ставкалардан өзгеше кедендік баж ставкаларын қолданатын темір жол жылжымалы құрамы үшін төлеген кедендік баж туралы түбіртектің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың түпнұсқаларын салыстыру үшін ұсынады;
3) Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтініш;
бұрын берілген куәлік бүлінген жағдайда куәліктің бүлінген бланкісі;
жоғалғанын растайтын құжатты, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарынан осы куәліктің күшін жойғаны туралы мәліметтерді қамтитын хабарлама.
12. Белгіленген үлгідегі өтініштің бланкісі ХҚО күту залындағы арнайы тағанда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
13. ХҚО құжаттарды қабылдау ХҚО қызметкерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ атқарылатын қызметі және тағайындалуы туралы ақпарат орналастырылған операциялық залда «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттар берілген күні (уақыт) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олармен байланыс телефондары көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. ХҚО-да Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру мемлекеттік қызметті алушыға ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын, қолхат негізінде, көрсетілген мерзімде, өзінің қатысуымен қол қойып және жеке басын куәландыратын немесе өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады.
16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін бермеген жағдайда ХҚО құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Уәкілетті орган:
1) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеу;
2) уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда өшірулердің, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететін даналарда қолдар және мөрлер болмау;
3) сот қабылдаған шешімге сәйкес темір жол жылжымалы құрамына тыйым салу негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
құрамын тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесi