Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 Қаулысы
(2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 507 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін:
1) «Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»;
4) «Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»;
6) «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен
бекітілген
«Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) баламасыз негізде осы стандартқа 1 және 2-қосымшалар көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі өздігімен жүретін шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) аудандық ХҚО бөлімшесіне өтініш берген кезде Қағидада көзделген емтиханды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды уәкілетті органға жеткізу 2 күн және орындалған құжаттарды ХҚО 2 күнде жеткізу мерзімі мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді);
2) ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде Қағидада көзделген емтиханды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзіміне кірмейді);
3) құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) өздігімен жүретін шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу кезінде кезекте күтудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.
9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Веб-порталдың жұмыс кестесі: тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен, күту залы және толтыруға арналған құжат үлгілерінің стенділерімен жабдықталған мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықта жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға өтініш;
2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен дипломның (куәліктің) көшірмесі не кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) нотариалды куәландырылған көшірмесі не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарын бітіргені туралы анықтама;
3) мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтама (№ 083/у нысаны);
4) 3 х 4 мөлшеріндегі екі фотосурет;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсынады.
12. ХҚО-да белгіленген үлгідегі өтініш бланкілері күту залының арнайы бағандарында не ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО-ның интернет ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.
13. ХҚО құжаттар қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.
14. Алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде мыналарды көрсетумен тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО-ның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
15. Уәкілетті орган ХҚО құжаттар пакетін ұсынғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ХҚО курьерлік байланысы арқылы емтихан өткізу мерзімі туралы хабарлама жібереді.
Емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны алғаннан кейін ХҚО мемлекеттік қызметті алушыны бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы мемлекеттік қызметті алушыға аумақтық органның хабарламасын беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қолхаттың негізінде көрсетілген мерзімде жеке өзі келгенде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
16. Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беруден бас тартуға мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмауы не тапсырылған емтиханның теріс нәтижесі негіз болып табылады.
17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 828 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Өздігімен жүретін шағын көлемді
кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының
тізбесi
«Өздігімен жүретін шағын көлемді
кемелерді басқару құқығына куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі