«Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген) (2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы

№ 1710 қаулысымен бекітілген



«Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылауды автоматтандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кеме билетін беру немесе кеме билетінің телнұсқасын беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар тапсырылған сәттен бастап ХҚО аудандық бөліміне өтініш берген кезде 10 жұмыс күні ішінде (2 күн құжаттарды уәкілетті органға жеткізу және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар тапсырылған сәттен бастап ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде 10 жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) кеме билетін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады.

Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркелгендігін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген, олар мыналарды құрайды:

1) мемлекеттік тіркеу үшін:

қуаттылығы 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын үш айлық есептік көрсеткіш;

қуаттылығы 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын екі айлық есептік көрсеткіш;

өздігімен жүрмейтін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын бір жарым айлық есептік көрсеткіш;

2) қайта тіркеу үшін:

қуаттылығы 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын бір жарым айлық есептік көрсеткіш;

қуаттылығы 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын бір айлық есептік көрсеткіш;

өздігімен жүрмейтін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,75 айлық есептік көрсеткіш.

3) мемлекеттік тіркелгендігін растайтын құжаттың телнұсқасын беру үшін:

қуаттылығы 50 ат күшінен жоғары (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,75 айлық есептік көрсеткіш;

қуаттылығы 50 ат күшіне дейінгі (37 кВт) өздігімен жүретін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,5 айлық есептік көрсеткіш;

өздігімен жүрмейтін шағын көлемді кемелер - алымды төлеу күні қолданылатын 0,38 айлық есептік көрсеткіш.

9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту және толтыруға арналған құжат үлгілерінің стенділері бар залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1380 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді және мынадай құжаттарды:

1) кеме билетін алу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар қоса берілген өтінішті:

кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың;

мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актілерінің;

кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелердің;

мұрагерлікке құқық туралы куәліктің;

соттың заңды күшіне енген шешімінің;

сататын ұйымның анықтама-есебінің (немесе сататын ұйымның тауар чегінің не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шартының немесе мұрагерлікке құқық туралы куәліктің);

кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжаттың;

шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелерін (егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімде тіркелген жағдайда);

кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттарды;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжатты;

2) шағын көлемді кемелерді қайта тіркеу кезінде кеме билетін алу үшін:

осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттар:

кеме билеті;

кеме иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

бұрын кеме кітабына енгізілген шағын көлемді кеме, егер оқиға нәтижесінде немесе басқа себеп бойынша техникалық параметрлеріне сәйкес келмейтін болса, шағын көлемді кемені қайта тіркеу үшін негіз болатын құжаттар;

шағын көлемді кемені қайта тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжат қоса берілген өтінішті;

3) кеме билетінің телнұсқасын алу үшін:

кеме иесінің жазбаша өтінішін;

кеме билетінің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметті алу өтініші ХҚО-ға еркін нысанда ұсынылады.

13. ХҚО-да құжаттар қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкер жүзеге асырады.

14. Осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін алушыға мыналар көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО-ның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы бойынша жеке өзіне қол қойғызып, «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.

16. Кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беруден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге берген, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Қағида талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібi

 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz  мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 828 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Шағын көлемді кемелерді

мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

тізбесi

 

 

«Шағын көлемді кемелерді

мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі