«Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген) (2013.20.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 229 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 29 қазандағы

№ 1710 қаулысымен бекітілген

 

 


«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

(2013.20.12. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысымен бекітілген «Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz  («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) ХҚО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде кеме куәлігін және кеме куәлігінің телнұсқасын беру: 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды уәкілетті органға жеткізудегі 2 күн және ХҚО-ға орындалған құжаттарды жеткізудегі 2 күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) ХҚО облыстық бөліміне жүгінген кезде кеме куәлігін және кеме куәлігінің телнұсқасын беру: 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы Стандартқа 11-тармақта көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты: 20 минуттан аспайды;

4) Кеме куәлігін және кеме куәлігінің телнұсқасын алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.

Өзен кемесін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, қайта тіркеуге, кеме куәлігінің телнұсқасын беруге арналған алым тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, ставка алымы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және мынаны құрайды:

мемлекеттік тіркеуге - алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселік айлық есептік көрсеткіш;

қайта тіркеуге - алымды төлеу күні қолданыстағы 7,5 айлық есептік көрсеткіш;

мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беруге - алымды төлеу күні қолданыстағы 3,75 айлық есептік көрсеткіш.

9. ХҚО-да мемлекеттік қызмет орталықтың белгіленген жұмыс кестесі бойынша түскі асқа үзіліссіз сағат 09.00 бастап 20.00 сағатқа дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден бастап сенбі аралығында көрсетіледі.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ның күту залы бар, дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін пандуспен жабдықталған ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту орындары, бланктердің толтыру үлгілері бар стенділер орналастырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi

 

ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1380 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11. Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді тіркеу және қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін, кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;

2) кемені мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын мынадай құқық белгілейтін құжаттардың:

мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актілерінің;

кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелердің;

мұрагерлікке құқық туралы куәліктің;

соттың заңды күшіне енген шешімінің;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген кемеге құқық туралы куәліктің көшірмелерін;

3) сыныптау куәлігінің көшірмесін;

4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

Мемлекеттік қызметті алушылар салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш бланкілері күту залының арнайы бағандарында немесе ХҚО-ның қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО-ның: www.con.gov.kz  және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің: www.mtc.gov.kz  интернет-ресурстарында орналастырылады.

13. ХҚО-ға құжаттар қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.

14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО-ның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру ХҚО қызметкері «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы күн сайын қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, жеке келуі кезінде қол қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша жүзеге асырады.

16. Кеме куәлігін немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беруден бас тартудың негізі мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін берген осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарының Қағида талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді.

 

 

4. Жұмыс нәтижелерi

 

18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібi

 

20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.

22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz  мекенжайы бойынша шағым беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректері, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

 

ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 828 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»

суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме

тізілімінде мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының

тізбесi

 

 

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»

суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме

тізілімінде мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі