«І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік электрондық қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 393-ө бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қоршаған

ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 393-Ө бұйрығына

4-қосымша

 

 

«І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру»
мемлекеттік электрондық қызмет регламенті
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік электрондық қызмет (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші), сондай-ақ, www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «І санат объектілері үшін экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылулар:

1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

2) бизнес сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.