«Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығы (2018.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығы

(2018.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қосымшаға сәйкес Қондырғы паспортының нысаны бекітілсін.

2. «Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 146-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 7704 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Төмен көміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігінің

төрағасы

Ә. Смайылов

15 мамыр 2013 жыл

 

ҚР Энергетика министрінің 2016.02.06. № 233 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.03.08. № 301 бұйрығымен нысан өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2013 жылғы 15 мамырдағы

№ 122-ө бұйрығына қосымша

 

нысан

 

 

Қондырғы паспорты

 

Индексі: № 1 нысан

Кезеңділігі: тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жыл.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.