Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 123-ө бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына, 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 145-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тілізімінде № 7692 тіркелген, 2012 жылғы 11 тамыздағы № 495-500 (27573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.