«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 390 Қаулысы (2015.29.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 390 Қаулысы

(2015.29.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 24 сәуірдегі

№ 390 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

 

1. ҚР Үкіметінің 2015.31.10. № 870 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1108 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 1133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 519-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының кепілдік алу ережесінде:

1) 2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қорға қатысушы - қормен жасалған және қатысу шарты қолданылатын мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;»;

2) 3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін ұсынады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.