(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.22.09 № 1230 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 22 қыркүйектегі

№ 1230 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және
қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомствосы) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның комитеті;

3) ветеринариялық құжаттар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.