«Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 93 бұйрығы (күші жойылды)

Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 93 бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналаструын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрінің

2013 жылғы 2 мамырдағы

№ 93 бұйрығымен бекітілген

 

 

Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

 талаптары

 

1. Жалпы талаптар

 

1. Мемлекеттік мұрағаттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі - Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен бекітілген Тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау ережесiнің 9-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Мемлекеттік мұрағат қызметкерлерінің еңбек қызметі барысында олардың өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртібі, процедурасы және нормасы осы Талаптарда белгіленген, мына бөлімдер бойынша:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.