«Төтенше жағдайлар саласындағы Басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығы (2014.05.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Төтенше жағдайлар саласындағы Басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығы

(2014.05.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығымен күші жойылды

 

«Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрамды даярлаудың;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды даярлаудың;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрамды даярлаудың;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында төтенше жағдайлар саласындағы мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламалары бекітілсін.

2. «Республикалық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс басшылық құрамның біліктілігін арттыру курстары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарында тыңдаушыларды төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 301 бұйрықтың күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.