Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы
(2025.12.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.07. № 286 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы жарияланған);
2. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;