Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1633 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі үйлестiру кеңес(бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.