Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 378 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 378 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» мынадай редакцияда жазылсын:
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасында көзделген міндеттерді іске асыру барысында 2016 жылға қарай мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:
Бағдарламамен 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады;
кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді;
жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады;
жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі 33,3 %-дан 26 %-ға төмендейді»;
«Қаржыландыру көздері мен көлемі» мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға - 37,4 млрд. теңге;
2012 жылға - 62,3 млрд. теңге;
2013 жылға - 71,6 млрд. теңге;
2014 жылға - 71,9 млрд. теңге көзделген.
Келесі жылдары Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті тиісті жоспарлы кезеңге қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.»;
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары» деген 4.2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«2016 жылға қарай:
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрі - Бағдарлама) 1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады.