«Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы (2019.02.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 206 бұйрығы

(2019.02.10. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметі түрлерінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Отбасылық балабақшалардың, «мектеп - балабақша» кешендерінің, мектеп жасына дейінгі балалардың түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің, ата-аналарға арналған консультациялық пункттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 (2009 жылғы 27 ақпандағы № 31 (1628) «Заң газетінде» жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5550 тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.28.02. № 95 бұйрығымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 29 мамырдағы № 206

бұйрығымен бекітілген

 

 
Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері қызметінің
үлгілік қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.