(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.27.02 № 89 БҰЙРЫҒЫ

Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 89 бұйрығы

(2012.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2009 жылғы 27 ақпандағы

№ 89 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің

бюджеттік есептілікті жасау мен ұсынудың

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережемен пайдаланушыларға көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық, тоқсандық ай сайынғы бюджеттік есептілігінің нысандары, кезеңділігі, мерзімі және жасалу мен ұсынылу тәртібі белгіленеді.

2. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ережеде белгіленген көлемде және нысандар бойынша жылдық, тоқсандық, ай сайынғы есептер жасайды.

3. Бюджеттік есептілікті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс:

есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және растығы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.