«Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 728 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 512 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 516-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.