Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 28 мамырдағы № 141-НҚ бұйрығы
ҚР Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 300 бұйрығымен күші жойылды
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Монопсониялық төмен бағаны анықтау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) Тергеу департаменті (Ә.Н. Хатиев) мен Агенттіктің Заң қызметі департаменті (А.М. Қанапин) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Әкімшілік департаменті (Қ.М. Қалдықараев) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары Ә.Б. Мәтішевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.